Кванджуда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Су добынан ерлер арасындағы сында Қазақстан командасы алғаш рет жеңіске жетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореямен кездесіп, 17:4 (4:1, 4:2, 7:0, 2:1) есебімен басым түсті. Бұл Шведов шәкірттерінің Кванджудағы алғашқы жеңісі.
Бұған дейін біздің команда Хорватия, Австралия және АҚШ-қа есе жіберген болатын. Келесі кездесу Қазақстан мен Бразилия арасында өтеді. Екі команда 13-ші орынға таласады. Матч 23 шілдеге жоспарланған.