Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Металлург мамандығы қашанда қайратты, еңбексүйгіш, табанды адамдардың ісі болып қалады. Металлургтар машиналар мен агрегаттарды басқара отырып, домна пештері мен илектеу қазандықтары арқылы қуат күші мен жігерін жаниды.
Қазіргі қоғамда металлургия экономиканың базалық саласы бола отырып, елдің әл-ауқатының негізін құрайды.
Ауыр, бірақ ерлік пен қайсарлыққа толы металлург мамандығын әрдайым құрмет тұтамыз, бүгін мен металлургияға қатысы бар барлық адамдарға сапалы жұмысы, кәсібилігі мен жоғары шеберлігі, лайықты танымы мен өз ісіне деген терең құрметі үшін алғыс айтқым келеді. Біз сіздердің еңбектеріңізді мойындаймыз және бағалаймыз!
Барлық ардагерлер мен сала қызметкерлеріне зор денсаулық, өмірге деген құштарлық және амандық тілеймін! Сіздің өміріңізде қуаныштар мен бақытты сәттер көп болсын!