• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2019

Ұлттық ұлан капитаны Алматыда өртенген үйдің ішінен екі отбасыны аман алып шықты

275 рет
көрсетілді

Оқыс оқиға 18 шілде күні орын алған еді. Жолдың қарсы бетінде будақтап жа­нып жатқан үйді капитан Әділжан Әкі­реевтің көзі шалып қалады. Шешім қабылдап тұратын шақ емес. Түтіндеп жатқан үйге қарай тұра ұмтылады. Тая­ғанда, үй ішінде көмекке зәру ана мен бала­­ның қалғанын аңғарады. Жаудың өзі­нен жасқануды білмейтін жан лаулаған жа­лынға лап қояды. Көрпеге орап, қыр­қы­нан шықпаған қызыл шақалақты анасымен қосып аман-есен сыртқа алып шығады.
Ал батыр жігіттің баяны мұнымен біткен емес. Адам жанын арашалаймын деп арпалысып жүргенде, балты­рын итке қаптырады. Басқа үйдің «Бөрі­басары» бас салса бір сәрі ғой, жан­ған үйдің иті «жағаласқаны» қалай жан­ға батпас?! Бірақ әскери өмір әбден шың­даған Әділжанның жолына бұл жайттар­дың бір де біреуі тоқтау бола алған жоқ.

Алаулаған қызыл жалын көрші үйдің  шатырына дейін шарпып, ол жаққа да көмек қолын созады. Кейіннен өткен жайтты есіне ал­ған батыр жігіт ерліктің ешқашан есеппен жасалмайтынын, сол сәтте Алла тағаланың өзі бойыңа бұла күш құятынын, соның арқасында еш қорқынышты сезбегенін алға тартты.

Дәрігерлердің айтуынша, құтқарған жан­дардың жағдайы қазір қалыпты көрі­неді. Ал әскери қызметкердің өзін ит қабуға қарсы екпе салу үшін емха­наға әкетіпті. 

Бізге белгілі болғандай, капитан Әділ­жан Әкіреев төрт бала тәрбиелеп отырған жан. Ұлттық ұланның 5572 әс­кери бөлімінде топ командирінің орын­басары қызметін атқарады екен. «Егемен-ақпарат»