• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2019

Сенім грамотасын тапсырды

301 рет
көрсетілді

Король сарайында Қазақстанның елшісі Болат Иманбаевтың Малайзияның мем­лекет басшысы – елдің Жоғарғы Билеу­шісі Сұлтан Абдуллаға Сенім грамотасын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Малайзияның Мемлекет басшысына жылы құттықтауларын жолдап, еліміздің Малайзиямен өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту мен нығайтуға қызығушылығын растады.

Салтанатты рәсімінен кейін өткен екіжақты кездесу барысында Б.Иманбаев Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастары жоғары деңгейімен ерекшеленетінін атап өтті. 2019 жылдың 4 ай қорытындысы бойынша Қазақстан-Малайзия арасындағы сауда көлемі 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда 6 еседей артқанына назар аударды.

Малайзияның мемлекет басшысы тәуел­сіздік жылдарында Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалап, екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайтуға әзірлігін растады.

Малайзияның мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевқа және жаңадан сайлан­ған Пре­зиденті Қ.Тоқаевқа өзінің ыстық сәлемі мен ықыласын жолдап, Қазақстан халқына одан әрі өркендеу мен жоғары жетістіктер тіледі.