• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2019

Жамбылдық құрылысшылардың жұмысы қарқынды

322 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы барып, өңір штабының жұмысымен танысты. Әкім Жамбыл өңіріне тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көріп, 11 көшенің тұрғындарымен кездесті. Арыс қаласына сапары барысында А.Мырзахметов аталған бөліністегі жергілікті тұрғындардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы орындауды тапсырды.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысына тиесілі 3-секторда 50 жеке тұрғын үй құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталып отыр. Мұның бәрі де күннің ыстығына қарамай жұмыс істеп жатқан жамбылдық құрылысшылардың еңбегі. Айта кетейік, қазіргі кезде 3-сектор аумағындағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына жамбылдық 4 құрылыс компаниясынан 450-ден аса құрылысшы мен 21 техника жұмылдырылған. Олар 242 жеке тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 

Арыс қаласын қалпына кел­тіруге бағытталған Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген бола­тын. Онда 312 тұрғын үймен бірге 14 әлеуметтік және ком­мерциялық нысан бары анық­талған. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйлердің бәрінің ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жасалған. Қираған 3 үйдің екеуі қайтадан бой көтеріп, біреуі толық жаңғыртылатын бо­лады. Қалған 309 үйге әр­түр­лі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Мұнда қажетті құрылыс материалдары кезек күттірмей күн сайын жет­кізілуде. Ал тиісті шығындар рес­публикалық бюджет пен арнайы қорға жинақталған қар­жыдан қарастырылуда.

Өз кезегінде 3-сектор аума­ғындағы арыстық тұрғындар әулиеаталық құрылысшылардың жұмысына оң бағасын беріп, алғыс білдірді. Жамбылдық құрылысшылар еңбегінің елеулі екеніне тоқталды. Сонымен қатар арыстық тұрғындар мұн­­дағы жұмыстардың сапалы орындалып жатқанын, оқи­ға орын алған сын сәтте жам­был­дықтардың алғаш болып кө­мек­ке келгендерін де айтты. Мәселен, Арыс қаласындағы жары­лыстан зардап шеккен аза­мат­тарға қолдау көрсету бо­йын­­ша «Арыс, біз біргеміз!» рес­пуб­ликалық акциясы аясында Тараз қаласынан 4 қабылдау пункті ашылған болатын. Nur Otan партиясының облыстық және аудандық филиалдарында ұйымдастырылған арнайы пункттерде жиналған көмек материал­дары, азық-түлік пен алғашқы қажет­тіліктегі заттар Арыс қала­сына жөнелтілген еді. Бүгінге дейін барлығы 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек берілген. Ал тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін 2,2 миллион теңге қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылған арнайы жасақталған 4 реанимобильмен 8 фельдшер Арыс қаласына жіберілген. Енді «Әулие Ата – Демеу» қайырымдылық қорына бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардан ақша аударылуда. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысы тарапынан көрсетілетін гуманитарлық кө­мек әлі де жалғасуда. Бүгінде Арыс қаласынан келген 323 бала Әу­лиеата өңіріндегі «Тау самалы», «Жұрындысай», «Жұлдыз» сияқты жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалуда.  Жамбыл облысы