Мерекеге арналған өзен бойымен жүрген 11 кеменің серуен керуенін тамшалады. Қала әкімдігі 17 шілде-20 шілде аралығына арналған арнайы бағдарлама жасап, мерекені 5 күн бойы атап өтті. Өйткені, жергілікті тарихшылардың пайымдауынша,Павлодар қаласы 299 жасқа толыпты.
Бағдарламада Мини-футбол, көңілді жарыстар, отбасылық эстафета «Týǵan qala – родной город» көрмесі, суретшілер салоны, қала тарихы бойынша тақырыптар экскурсиялар болды.
Отбасылар үшін Теміртау қаласы зообағы, Ресейлік мемлекеттік циркі өнер көрсетті. Ал, балалар шығармашылық мектептерінің, колледждер мен жоғарғы оқу орындар студенттерінің суреттері қала туралы салды.
Отбасылық-ойын алаңдары,»Шеберлер қаласы» - «Город мастеров» сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының сауда-көрмесі, «DanceFusion» музыка және би жарыстары келушілерге ұсынылды.
Мереке соңында жағалаудағы сахнада облыс орталығының өркендеуіне үлес қосқан тұрғындарға «Қаланың құрметті азаматы» атақтары берілді. Сонымен бірге мейірімді жандар «Жомарт жүрек» номинациясы бойынша марапатталды. Және де қала ойынша «Үздік үй», «Үздік аула» байқауларының қорытындысы шығарылды. Жағалауда жасалған әсем сахнада Қайрат Баекенов, «Формат» тобы және Дастан Оразбековтер өнер көрсетті. Осы жерде түрлі көрмелер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар да өтті. Қала күнін мерекелеу аясында зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүрді.