Біз үшін отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсеткен маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Ресейлік журналист Алексей Пивоваров Қазақстан Президентінен «Галстук, костюм тігетін сүйікті фирмаңыз бар ма?» деп сұрады.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы отандық киімдерді киетінен айтты.
«Қазір отандық өндірушілердің галстугін тағып жүрмін. Қазақстанда осындай сапалы өнім шығаруды үйреді. Осы орайда өте сапалы галстуктер тігіп, сататын фирма бар. Дәл қазір тағып жүрген галстук Алматыда тігілген. Біз үшін отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсеткен маңызды. Жалпы, галстук таққанды ұнатамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.