• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Экология 22 Шілде, 2019

Алтай Көлгінов Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауын тазартуды ұсынды

268 рет
көрсетілді

Қалалық экоакция 27 шілдеде өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.

«20 шілдеде #Birge #TazaQazaqstan экологиялық қозғалысы басталды. Осы сенбі күні 27 шілдеде біз экологиялық эстафетаны өткізетін боламыз. Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын айналып өтетін әуежайдан Қарағанды трассасына қарай тазартуды ұсынамыз. Барлық қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындарды қатысуға шақырамыз», деп жазды Алтай Көлгінов Тwitter-дегі парақшасында.