21 шілдеде өткен Украинадағы парламент сайлауына 22 партия, шамамен 6 мың кандидат қатысты. Экзит-полл қорытындысына сәйкес, Жоғарғы радаға бес партия өтті.
Киев уақытымен кешкі 20.00-де экзит-полл қорытындысы жарияланды. Оның нәтижесі төмендегідей болды:
43,9% - «Халық қызметшісі» (Владимир Зеленский партиясы); 11,5% – «Өмір үшін оппозициялық платформасы»; 8,9% – «Еуропамен ынтымақтастық» (Петр Порошенко партиясы); 7,6% – «Батькивщина» жалпыукраиналық бірлестік» партиясы (Юлия Тимошенко партиясы); 6,3% – «Дауыс» (Музыкант Святослав Вакарчук партиясы);