• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2019

Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

333 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда, Маңғыстау, Ақмола және Ақтөбе облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

23 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік, солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. 

23-24 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-батыс, батыстан еске желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 23 шілдеде түнде және таңертең тұман түседі. 

Нұр-Сұлтанда 23-24 шілдеде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-батыс, батыстан еске желдің екпіні 15-18 м/с болады. 

23 шілде күні түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.