«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алды.
Бірнеше тілде ақпарат тарататын агенттік қызметкерлері ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін бес тілде шырқап, эстафетаның мазмұнын байытты. Әр қазақтың жүрегінде жатталған Абайдың әйгілі әні қазақ, ағылшын, өзбек, орыс және қытай тілдерінде шырқалды.
Агенттік ұжымы бұл эстафетаны «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдады.
Видеоның режиссері – Ильзат Сафарғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқуға арналған челлендж жүріп жатыр.