• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Шілде, 2019

Елбасы МАГАТЭ Бас директорының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

299 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Еlbasy.kz хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы тығыз ынтымақтастық Юкия Аманоның жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды.

Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Амано мырзаның отбасына, Агенттік ұжымына және Жапон Үкіметіне көңіл айтамын.

Юкия Аманоны беделді және халықаралық қауіпсіздіктің нығаюына орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын боламыз», делінген жеделхатта.