• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2019

Шығыс Қазақстанда жастарға арналған жаңа жобалар бастау алды

599 рет
көрсетілді

Биыл Жастар жылы болғандықтан, елімізде жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған жобалар кеңінен қолға алынуда. Шығыс Қазақстан облысында жас­тарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және 200 АЕК көлемінде грантқа ие болу бойынша «Жас Кәсіпкер» жобасы, сонымен қатар «Қоғамға қызмет: JasA!», «Qorǵaý», «Менторлықты дамыту» жобалары жүзеге аспақ.

Өткен жылы аймақта іске асырылған «Zhas project» жобасының нәтижелерін ескере келе, аталған жобалар жастар арасынан кеңінен қолдау табатындығына сенім­діміз. Ең бастысы жас буын өкілдерін кәсіпкерлікке тарту аса қажет. Бұл жөнінде аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте де айтылған еді.

Қазіргі уақытта облыста 14-29 жас аралығындағы 264 990 адам тұрып жатыр, бұл барлық аймақ халқы­ның 20 %-і. Жастар саясаты бағытындағы жұмыс елі­мізде Жастар жылын өт­кізу жөніндегі Жол картасы бо­йынша жүзеге асыры­луда. Еңбекпен қамту, жұмыс­сыз­дықты азайту бойынша, жас­тар­ды қоғамды дамытуға тар­ту бағытында облыста көптеген мемлекеттік бағдар­ла­малар қолға алынған, атап айтқанда, Нәтижелі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға ар­нал­ған «Еңбек», «Жастар тәжі­ри­бесі», «Бизнестің жол кар­тасы-2020», «Дипломмен ауыл­ға!» сияқты мемлекеттік бағ­дар­ламалар өз жемісін беру­де. Биыл 6 айдың ішін­де Жұмыспен қамту орталық­тарына 4,5 мың жас өтініш түсірген екен. Соның ішінде тең жартысы, яғни 50 %-ы ауыл жас­тары. Олардың барлығы да еңбекпен қамтылып отыр. 15 жас кәсіпкерге «БЖК-2020» аясында гранттар берілді. «Дипломмен ауылға!» жобасы арқылы 230 жас маманға 40,6 млн теңге көлемінде жәрдемақы берілген. Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 149 адам бюджеттік несие алған, – дейді  облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. Оның айтуынша,  үстіміздегі жылдың алғашқы үш айының қорытындысын алып қарасақ, жұмыссыз жүрген, оқу оқымайтын жас­тардың қатары едәуір аза­йып­ты. Бұл көрсеткіш жал­пы республикалық көлем­де 7,6% болса, Шығыс Қазақ­станда NEEТ жастар үлесі 2,8% көрсеткішті көрсетіп тұр. Ағымдағы жылы бұл са­наттағы жастармен жұмысқа бағытталған «Жігерлі жастар ауылға», «Еңбек жастары» жобалары іске асырылуда. 

– «Жас Кәсіпкер» жоба­сы аясында шілденің 24-інен бастап, 18 бен 29 жас ара­лығындағы 1300 адам, атап айтқанда жас немесе көп балалы аз қамтылған от­басы мүшелері мен еңбек етуге жарамды мүгедектер кәсіп­кер­лікпен айналысу үшін білім­дерін жетілдіріп, бизнес негіздерін оқуға мүмкіндік алып отыр, – дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Марина Мун. Оның айт­уынша, бұлардың қатарында NEET санатындағылар да бар. Олар бастапқы білім алған соң, өздерінің бизнес жос­парларын жасап, қаржылық институттардан 6 пайыздық жеңілдетілген несие неме­се 200 АЕК көлемінде қай­та­рым­­сыз мемлекеттік грант­қа өз істерін ашып, кәсіп­кер­лікпен айналыса алады. Бұл қаражатқа тиісті кәсіпкерлікті дамыту үшін құрал-жабдық, мал, құс басын және тағы басқа қажеттілерін сатып алуларына болады. Қазіргі таңда барлығы 1277 адам осындай грант алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл жобаға қатысу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына немесе өңірлік кәсіпкерлер па­ла­та­сына жүгінуге болады. Қазіргі таңда Шығыс Қазақ­стан облысының кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» бағ­дар­ламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан тұр­ғындарын жинауда. Мақсат – кәсіпкерлік жұмысқа NEET категориясындағы жас­­тар­­­ды тарту. Жас отбасы мү­ше­лері мен аз қамтылған көп ба­лалы отбасы мүшелерін және еңбекке қабілетті мүге­дектерді тарту арқылы ха­лық­тың экономикалық белсен­ділігін арттыру да аса қажет. Оқыту барысында бекітілген бизнес-тренерлер оқу жоспарына сәйкес заманауи оқыту әдістемелерін пайдалана отырып, сабақты интерактивті түрде жүргізеді. Бағдарлама­ға қатысу үшін ең алдымен тестілеуден өту керек, соның қо­рытындысы бойынша топ­қа іріктеу жүргізіледі. Білім алушыларға шәкіртақы төле­неді және курс аяқталған соң сер­тификаттар беріледі. Оқы­ту­дың ұзақтығы 3 апта болмақ.

Сондай-ақ Ақпарат және қо­ғамдық даму министр­лігі­нің қолдауымен Азамат­тық бас­тамаларды қолдау орталы­ғының мемлекеттік гранты бойынша тағы да үш жоба жүзеге аспақшы. Бұл жөнінде ақпарат алу үшін әр қала мен аудандағы Жастар ресурстық орталығына баруға болады.

«JasA!» жобасы аясында «өзіміз тұрып жатқан ауылдарымыз бен қалаларымызды дамытамыз» деген жастардың түрлі әлеуметтік жобалары, идеялары мен ұсыныстары жүзеге асырылмақ, – дейді Жас­тар қызметкерлері қоғам­дастығының маманы Жансая Ақанова. Конкурс бойынша үздік деген жастар таң­да­лынып алып, олар өз ұсы­ныс­тары бойынша, 610 мың теңгеге дейін гранттар ала алады. Жоба аясында еліміз бойынша жастардың 100 ұсынысын жүзеге асыру және осы арқылы 660 жас адамды бизнеске тарту жоспарланған.

Қатысушыларға «Жас­тар қызметкерлерінің қауым­дас­тығы» қоғамдық қорының мамандары жетекші болады. Бұл жобаға қатысудың шартына сәйкес, шілденің 26-сына дейін jashome.org сайтына тіркеліп, бес адамнан тұратын шағын топтарға тіркелу қажет.

Облыстық жастар ре­сурстық орталығының директоры Арайлым Есім­бекова биыл тамыз айының 1-інен бастап, «Qorǵaý» жо­басы аясында аудандар мен қалалардағы Жастар ресурс­тық орталықтарында 20 тә­жірибелі заңгер жастарға ақыл-кеңес беретіндігін атап өтті. Бұл ең алдымен жас­тардың, сосын әрине азамат­тардың құқықтарын қорғау болып табылады. Жоба «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры арқылы іске қосылмақ. Заң кеңестерін алуға 5 мыңнан астам адам келе­ді деп жоспарлануда.

Қызықты жобалар қата­рында «Менторлықты дамыту» жобасы да бар. Міндеті – жастардың кәсіби деңгейін арттыру. Оларға тәжірибелі тәлім­герлер көмегімен жетіс­тікке жетудің қыр-сырын үйрету. 

Шілденің 14-інен бастап, «Менторлықты дамыту» жобасы бойынша бекітілген менторлар (тәлімгерлер) тұлғалық қалыптасу, кәсіби даму және құқықтық кеңес­тер тұр­ғысында жастарға көмек­тесуді бастап та кетіп­ті. Арай­лым Керімбекқызы бастаған Шығыс Қазақстан об­лысының тәлімгерлері астанамыз Нұр-Сұлтан қала­сына барып, 4 күн бойы оқып келді.

– Жастар жылында бастау алатын бұл жобалар биылмен ғана шектелмейді. Жастарды кешенді қолдау шаралары әр жылы өз жалғасын та­уып, тың жобалармен толы­ға­тын болады, – деп қорытын­ды­лады ШҚО ішкі саясат басқар­масының басшысы Ирина Смит.

СЕМЕЙ