• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Шілде, 2019

Қанат Ислам мен Жан­қош Тұ­раров үздік ТОП-10 боксшының қатарына қосылды

546 рет
көрсетілді

Жеңілістің кермек дәмін татып көрме­ген қа­зақстандық кә­сіпқой боксшылар Қанат Ислам (26-0, 21 KO) мен Жан­қош Тұ­раров (24-0, 17 KO) Бү­кіл­­әлем­дік бокс ұйы­­­мы­ның (WBO) рей­тин­гіндегі ТОП-10 бокс­шының қа­та­рына енді.

Орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам 5-шілдеде Алматыда өткен бокс кешінде доминикандық қарсыласы Хулио де Хесусты бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WBO International белдігін жеңіп алған-ды.

Ал бірінші орта салмақта өнер көрсететін 28 жастағы Жанқош Тұраров 6 шілдеде елордада өткен жекпе-жегінде WBO Inter-Continental белдігі үшін арген­тиналық бокс­шы Максимилиано Годоймен кездесіп, үшінші раундта қарсыласын сұлатып салған болатын.

Осы жеңістерінен кейін Қанат Ислам WBO рейтингінде сегізінші, Жанқош Тұраров 10-орынға көтеріліп алды.