• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2019

Аудандарда жаңашыл жобалар жоқ

260 рет
көрсетілді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында 78 жаңа жоба іске асады деп жоспарланған.

Облыстық әкімдікте өткен жиын барысында осы мәселе барысы талқыланды

- Ал, жаңадан құрылған, әлеуеті жоғары шаруа қожалықтары жоқ. Бұл - аудан-қала әкімдері мен ауыл шаруашылығы басқармасына сын,-деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Басқарманың мәліметінше, жыл басынан бері аймақтың агроөнеркәсіптік кешеніне 9 млрд теңге инвестиция құйылған.

Жыл соңына дейін құны 16,7 млрд теңге болатын 50 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Бұл жобалар 3200 мал басына арналған 6 сүт-тауар фермасы, 6000 мал басына арналған екі бордақылау алаңы, 6030 мал басына арналған 16 мал шаруашылығы орны және «Павлодар Құс» ЖШС құс фабрикасын кеңейту.

Бірақ аудандарда жаңа жобалар жоқ. Бар жобаның өзі  нақты емес. Жобалар тиісті сараптамадан өтті ме, жоқ па ол жағы да белгісіз. Сондықтан әр аудан өзінің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, инвесторды шақырып, барлық жағдайын жасауы керек деген тапсырма берілді. Яғни, ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, әрбір ауданның әлеуетін арттыру бойынша жұмыс жасаулары қажет. Бұл аудан, қала әкімдерінің міндеті.

Жиында өңірдің өңдеу өнеркәсібі артта қалғаны да айтылды. Сауда үйлерінің сөрелерінде Ресей мен Беларусьтен жеткізілген сүт және сүт өнімдері аз емес. Тұрғындар болса өз ауылдарымызда жасалатын жергілікті өнімдерді іздейді.

Жиын соңында аудан-қала әкімдері әдеттегідей жыл соңына дейін жаңа жобаларды жүзеге асыруға  уәде берді.

Павлодар облысы