Нұр-Сұлтан қаласы «Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ басшысының бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» ЖШС басшысы болып Нұрпейісов Үкібай Абдуманапұлы тағайындалды.
Бұған дейін Нұрпейісов Ү.А. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесінде басшылық қызмет атқарған.
Әр жылдарда Алматы қаласы «Нұр Отан» ХДП жанындағы Алмалы ауданы «Жас Отан» ЖҚ бөлімінде атқарушы хатшы; Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің (ҚазХҚжӘТУ) Жастар ісі Комитетінің төрағасы; Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-нің энтомәдени бірлестік бөлімінің басшысы; Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.