• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Шілде, 2019

Токио - 2020 Олимпиада медальдарын өңделген электронды құрылғылардан жасайды

241 рет
көрсетілді

2020 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарының медалі 6 миллионға жуық өңделген электронды құрылғыдан жасалады. «Токиоға дейін бір жыл» салтанатты жиынында ұйымдастырушылар жүлдегерлерге берілетін медальдарды таныстырды.

Токио-2020 ұйымдастыру комитеті медальдарды қоршаған ортаға зиянсыз болатындай өңделген кіші көлемді электронды құрылғылардан жасайтынын 2017 жылдың ақпан айында мәлімдеген. Сол уақыттан бері Жапонияның түкпір-түкпірінен тұрғындар қажетсіз ноутбук, цифрлық фотоаппарат, смартфондар мен ұялы телефондарын өткізе бастаған. Нәтижесінде жиналған 80 000 тонна өнімнен 5000 алтын, күміс және қола медальдары жасалады.

Медальдың бет жағында Токио Олимпиадасының эмблемасы орналасқан, ал артында ежелгі грек мифологиясындағы жеңіс құдайы бейнеленген. Ал медаль лентасында жапон мәдениетіне сай түстер мен өрнектер қолданылған. Авторы – жапондық дизайнер Дзюнъити Каваниси.  

2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Бұл – Жапонияда өткізілетін төртінші Олимпиада ойындары.