• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 26 Шілде, 2019

Қазақ жазушысы Баян-Өлгий аймағының құрметті азаматы атанды

1261 рет
көрсетілді

Жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлына Баян-Өлгийдің «құрметті азаматы» атағы берілді.

Монғолияның Баян-Өлгий аймағына гастрольдік сапармен барған Қостанай облыстық драма театры Жолтайдың Әлмашұлының «Мұңмен алысқан адам» драмасы бойынша қойылған спектаклді тарту етті. Осы іс-шара барысында жазушы-драматургтың туындысына ризалық білдірген аймақ басшысы Жолтай Әлмашұлына Баян-Өлгийдің «құрметті азаматы» атағын берді.

Жазушы бізбен әңгімесінде Баян-Өлгий аймағында бұрын-соңды болмағанын, онда тұрып жатқан қандастарымыздың ұлтжандылығы, елге деген сүйіспеншілігі баяғыдан қызықтыратынын айтты.  «Әттең, сапардың сәті түспей қалды. Дегенмен, еңбегімізді елеп, «Құрметті азамат» марапатын жасапты, алғысымыз шексіз! Оған ылайықпыз ба, жоқ па - оны бір Алла біледі», дейді.

Пьесаға тағдыр тәлкегімен 20 ғасырдың 30-жылдары шетелге әке-шешесімен бірге кетіп қалған жас Асанның арада 70-80 жыл өткенде туған елін сағынып-аңсауы, қазақ топырағына қайтуды арман етуі өзек болған.

Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман  Василенко кезінде Астанада журналистермен кездескен кезде  бұл қойылымды алдағы уақытта Астанадағы барша шетелдік елшілердің қатысуымен сахналанғанын қалайтынын, сонан кейін  шетелдерге таныстыру мүмкіндігін қарастыратынын айтқан болатын.

Осыған дейін Ташкентте сахналанып, ондағы қандастардың көңілінен шыққан туынды енді моңғолиялық қандастарды да қанаттандырып отыр.