Республикалық #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясына үн қосқан көкшетаулықтар бірліктің бекем үлгісін көрсетті.
Акцияға қоғамдық ұйымдардың мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, қарапайым қала тұрғындары қатысты. Коммуналдық қызмет ұйымдары қажетті техникамен қамтамасыз етті.
- Қала жұртшылығының тазалыққа деген ынтасы өте күшті,- дейді қала əкімі Амангелді Смайылов, - Қаланың тазалығы бұрында жақсы болатын. Бүгінгі бағалы бастаманы бір ауыздан қолдап жұмысқа жұмылған жұртшылықты көргенде əр қайсының бойындағы жауапкершілікті айқын аңғарасың. Акция барысында əсіресе, жастар жаз жігермен өз үлестерін қосты. Аға буын өкілдері де қарап қалған жоқ. - Біздің бала кезімізде, - дейді Көкшетау қаласының байырғы тұрғыны Алпысбай Тұсынбаев,-Қопа көлі тап таза болатын. Тереңдегі қайрақ тастар көрініп жатушы еді. Зеренді ауданындағы мал фермаларының қоқысы Шағалалы өзені арқылы Қопаға құйылып, көл табанындағы бұлақ көздері бітеліп, қорысқа айналып кетті. Шіркін ай, жағалаумен қоса сол бұлақтардың көзін ашша ғой. Бастама баянды болар еді. Сенбіліктің серпінді тұсы да осы емес пе!