• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2019

Петропавл-Ганновер әуе рейсі қайта жаңғыртылады

319 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Германияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тило Йоханес Клиннердің кездесуі барысында Петропавл-Ганновер әуе қатынасын қайта жаңғырту мәселесі де талқыланды.

Неміс елшісі Құмар Іргебайұлының ұсынысын қолдап, Германия өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

«Облыстарыңыз Ресеймен шектеседі. Бұл жерде көлік логистикасы жақсы дамыған. Біз екі елдің арасындағы тауар айналымын үдете аламыз. Агросектор – бірлескен жобалар үшін тиімді сала. Солтүстікқазақстандық өнімді Германияға жеткізу бізге де тиімді болмақ.

Ал Петропавл-Ганновер арасындағы әуе рейсін қайта жаңғырту арқылы жолаушылар үшін қолайлы мүмкіндіктер тудырудың, екітараптық туризмді дамытудың маңызы зор»,  деді Тило Йоханес Клиннер.

Солтүстік Қазақстан облысы