• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Шілде, 2019

Загребте топ жарды

215 рет
көрсетілді

Дзюдодан Хорватия астанасы Загребте өткен халықаралық Гран-при жарысында қазақстандық балуандар бір алтын медаль еншіледі. Қыздар арасындағы бәсекеде Галбадрах Отгонцэцэг өз салмағында дара шықты.

Алғашқы жарыс күні 48 кило салмақта қыздар арасында сынға түскен отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг финалға дейін сүрінбей жетіп, алтын медаль үшін өткен бәсекеде франциялық Милана Клементемен күш сынасты. Қосымша уақытқа дейін созылған белдесуде қандасымыздың бағы жанып, Гран-при жеңімпазы атанды. Финалға дейін ол Катарина Танзерді (Аустрия), Ио Хионгты (ҚХР) және Ли Янанды (ҚХР) жеңген болатын. Галбадрах былтырғы Загреб татамиінде қола жүлде еншілеген еді. 

Ерлер арасында 60 килода белдескен Дәурен Сүйеукенов жұбаныш кездесуінде Польша спортшысы Тома Голомбқа есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады. Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) екінші айналымда жеңіліп қалса, екінші жарыс күнінде татами төріне шыққан Серік Ақылбек пен Жансай Смағұлов (73 кг) және Руслан Мұсав (81 кг) алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалды.