• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2019

Батыс Қазақстан облысында мал ұрлаушы қылмыстық топ ұсталды

569 рет
көрсетілді

Жақында Қаратөбе ауданы тұрғындарын қан қақсатқан қылмыстық топ мүшелері сотталған еді. Енді міне, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мал ұрлауға «маманданған» тағы бір топты құрықтағанын хабарлады.

Бәйтерек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері шілде айында әшкерелеген топтың әзірге Бәйтерек, Бөрлі және Тасқала аудандары аумағында 6 мал ұрлығына қатысы болғаны анықталып отыр. Ұрылар 8 қой, 3 сиыр, 1 жылқы – барлығы 13 бас малды қолды қылған. Тұтқындалған топтың ішінде Бәйтерек, Бөрлі, Ақжайық аудандарының тұрғындары бар.

«Қазір ұрлық оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүріп жатыр» дейді полиция департаменті.

Бұдан бұрынырақ Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарының тұрғындарын зарлатып жүрген 3 адамдық топ ұсталған болатын. Бұл қылмыстың тергеуі таяуда аяқталып, сотқа жіберілмек. Оларға 13 ұрлық фактісі бойынша айып тағылып отыр.

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығына қатысты 13 қылмыстық топ әшкереленіп, 87 адам қамауға алынған.

 

Батыс Қазақстан