• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Шілде, 2019

Қазақстан ҰОК Токио олимпиадасына ресми шақырту алды

682 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ресми шақырту алды деп хабарлайды Olympic.kz. Халықаралық Олимпиадалық комитеттің шақыру хатында ХОК президенті доктор Томас Бахтың қолы қойылған.

Айта кетейік, ХОК дәстүр бойынша Олимпиадаға бір жыл уақыт қалғанда ұлттық олимпиадалық комитеттерге шақыру жібереді. 

Қазіргі таңда Қазақстан командасында 10 лицензия бар. Олимпиадағы жолдаманы суда жүзуші Дмитрий Баландин (100, 200 метр, брасс), жеңіл атлеттер  Ольга Рыпакова мен Георгий Шейко, велошабандоз Евгений Гидич (лицензия белгілі бір спортшыға берілмейді), классикалық садақ атудан Қазақстанның ерлер командасы (Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев) және ашық суда жүзуші Виталий Худяков иеленді. Садақ ату спортынан Қазақстан командалық және жекелей сайыста да өнер көрсетеді.

Токиодағы Олимпиада ойындарына әлемнің 206 елінен 11 мыңнан астам спортшы қатысады. Жарыс 2020 жылы шілденің 24-ді басталады, жабылу салтанаты тамыздың 9-да өтеді.