• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Шілде, 2019

ЮНИСЕФ және «Қазпошта» меморандумға қол қойды

290 рет
көрсетілді

БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен және «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды құруға бағытталған және ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды қамтиды. Осы құжаттың аясында балалар және жастардың бастамаларын қолдауда бизнестің рөлін нығайту, бірлескен ақпараттық науқандар ұйымдастыру, балалардың құқықтарын жүзеге асырудағы халықаралық стандарттар мен оң жобалар туралы ақпаратпен халықты дер кезінде қамту. Сондай-ақ донорларға қолайлы жағдай жасап, осы саладағы мәдениетті насихаттау көзделген.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен серіктестік байланыстың маңыздылығын және балалардың жағдайын жақсартуда бизнестің ықпалы айрықша екенін айтады.

– Біз балалардың сапалы қызметтерге, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғауға тең мүмкіндігін жақсарту үшін жүйелі өзгерістерді жасауға дайын компанияларды қолдаймыз. Бүгін Қазақстан бойынша пошта, қаржылық және электронды қызметтерді ұсынатын «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға қуаныштымыз. Бұл елдегі балалардың жағдайын жақсартуға негізделген келісім, - дейді Артур ван Дизен.

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов, компания балалар мен жастардың жобаларын ақпараттық тұрғыда қолдауға дайын екендерін білдірді. Сол секілді ол Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойғанына 25 жыл толуына орай мерейтойлық пошта маркасы шығарылатыны жөнінде хабарлады.