АХҚО Бюросы Astana International Campus алаңында IEO-2020 мектеп оқушылары арасында экономика бойынша келесі Халықаралық олимпиаданы өткізеді. Оған жыл сайын 20-дан астам елден 100-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысады.
Экономика бойынша халықаралық олимпиада үш кезеңнен тұрады - қаржылық сауаттылық, экономика және бизнес-кейстерді шешу.
Биылғы жылы олимпиадаға 24 мемлекеттен 16-18 жас аралығында 29 команда, 133 жоғары сынып оқушылары қатысады, олардың арасында Австрия, Бразилия, Қытай, Қазақстан, Үндістан, Испания, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, АҚШ және т.б. бар. Бұл әр елде өткізілген және IEO 2019 қатысушыларын анықтаған экономика және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша ұлттық жарыстардың жеңімпаздары.
Экономика бойынша олимпиаданың қазақстандық ұлттық кезеңдері екінші жыл қатарынан АХҚО алаңында өткізіледі. AIFC Finance Olympiad жеңімпаздары IEO халықаралық кезеңінде елді таныстыруға мүмкіндік алады.
Мәселен, өткен жылы Мәскеуде өткен Олимпиадада Қазақстан құрамасы командалық есепте ІІІ орынды, бизнес-кейсті шешу турында II орынды иеленіп, жеке есепте күміс және қола медальдарды жеңіп алды.
Қазақстанның ұлттық құрама командасы құрамында Қарағанды, Орал, Семей, Петропавл және Нұр-Сұлтан қалаларының Назарбаев зияткерлік мектептерінің жоғары сынып оқушылары бар.