Ұйқыны қандырудың жаңа тәсілі пайда болды. Бұл туралы MedicalXpress интернет басылымы хабарлады.
Дәл осы тақырып аясында 5 мыңнан астам тәжірибе жасаған америкалық ғалымдар ұйқыға жатар алдында жылы ванна қабылдау керектігін хабарлады. Ғалымдардың тез ұйықтап, сергек оянуға көмектесетін тәсілінің дәлелдемелері Sleep Medicine Reviews журналында жарияланды.
Мақаладағы ақпаратқа сүйенсек, ваннаны ұйқыға кетер алдында 1 жарым сағат бұрын қабылдау керек екен. Жылы су ұйқыға кету процесін 10 минутқа тездететін көрінеді.
Ал ұйқысыздық дертінен зардап шегетін жандар тамақтану кезінде жаңғақ, зімбір, қызанақ, қасқыржем, брюссель орамжапырағы, банан, броколли, құлпынай, көк шай, анар сияқты жеміс-жидек, тағам түрлерін қосып жесе ұйқысыздықтан арылуға болатынын жазған.