Астана LRT-ның бұрынғы төрағасы Талғат Ардан мен бірқатар қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
«БАҚ-та Астана LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу салынды деген ақпарат жиі талқыланып жүр. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Астана LRT-ның бұрынғы төрағасымен бірге бірқатар қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оларға мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда. Бүгінде тергеу жұмыстарының жүріп жатқанына байланысты нақты әрі толық ақпаратты бере алмаймыз», деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі 1 департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.
Осыған дейін «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.