Алматыда Назарбаев даңғылында орналасқан көп қабатты тұрғын үйде болған өрт дер кезінде ауыздықталды. Адамдардың өміріне төнген қауіп өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында сейілді.
Бұл тұрғын үйдің бірінші қабатында Жамбыл атындағы Жасөспірімдер кітапханасы орналасқан-ды. Мамандардың айтуынша, таңертеңмен шатырға жүргізілген жөндеу жұмыстары салдарынан өрт шыққандығы анықталды. Өрт шыққан үйдің тұрғындары қауіпсіз аумаққа шығарылып, жедел жәрдем қызметі көрсетілді. Ал өрт сөндірушілер жалынның ары қарай өршімеуінің алдын алды.
АЛМАТЫ