Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жанындағы «Жастар практикасы» ұйымымен колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері үшін ақылы тәжірибе өту ұйымдастырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бағдарламаның мақсаты – түлектердің алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына, кәсіби білімдерін арттыруына, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетілігін арттыруға және жұмысқа орналасуға ықпал ету.
Бағдарламаға қатысушыларға еңбекақы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен төленеді және тәжірибе 6 ай болады.
Айлық еңбекақысының көлемі - 70 139 теңгені құрайды. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылуда.
Жыл басынан бері Жастар практикасына оқу орындарының 591 түлегі қатысуда. Жалпы, 2019 жылы аталған бағдарламаға 1200 жас түлек қатысады деп күтілуде.
Байланыс телефондары: 57-88-86, «Өркен» БО, Бейбітшілік, 25