• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Руханият 03 Тамыз, 2019

ҚР Ұлттық музейінде жас авторлардың ArmandaStar көрмесі ашылды

237 рет
көрсетілді

Елбасы бастамасымен жарияланған Жастар жылы аясында өткізіліп отырған бұл шара еліміздің үздік жас толқын суретшілерінің туындыларын бір шаңыраққа жинады, деп жазды ҚР Ұлттық музейінің директоры А. Мұхамедиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

     - Майлы бояу, графика, қыш, иллюстрация, трэш-арт және видео-арт - авторлардың шығармашылық бағыттары сан алуан. Жастар жұмыстарында дүниеге деген көзқарасын білдіріп, әлеуметтік мәселелерді көтереді. Авторлардың шығармашылық стильдері мен техникасы сан алуан болса да, экспозицияларды орналастырғанда көрме кеңістігі бірыңғай және үйлесімді болуын ескердік, - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы