Олардың басым бөлігі әскери полигондағы жарылысқа байланысты бұзылуға жататын 413 үйді басынан бастап тұрғызады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай-ақ, 17 секторда бригадалар 2 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерінде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Осылайша, негізгі қалпына келтіру жұмыстары 6,5 мың үйде аяқталды. Бұл барлық зардап шеккен Арыстың 90% болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы бұзылған үйлерді, әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілерді салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ қаланы қалпына келтіру жөнінде кеңес өткізді. ҚР Үкіметі басшысы қалада қысқа мерзімде ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша қалған жеке үйлерді жөндеу 10 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Көпқабатты үйлер бойынша қалпына келтіру жұмыстары 20 тамызға дейін бітуі керек. Сондай-ақ, 20 тамызға дейін барлық әлеуметтік нысандарды тапсыру қажет.