• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Тамыз, 2019

Ұшу аппараттары шығарылады

428 рет
көрсетілді

Қазақстанда ұшу аппараттарын шығару туралы ұзақмерзімді келісім-шартқа қол қойылды. Дәлірек айтқанда, «Қазақстандық авиаиндустрия» ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын шығару туралы және техникалық қызмет көрсету жөнінде «Elbit Systems Ltd.» (Израиль) компаниясымен келісімшарт жасасты.

Сондай-ақ Қазақстан аумағында «Elbit Systems Ltd.» компаниясының тауарлық белгісін пайдалануға айрықша құқық беретін лицензиялық келісімге қол қойылды.

Қазақстандық авиаиндустрия – әуе аппараттарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және оларды жетіл­дірумен айналысатын кәсіпорын. Кәсіп­орынды  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Қамқор Менеджмент» ЖШС бірлесіп дамытуда.

– Бұл жоба ұшу аппараттарын сатудан бөлек, оларды жөндеу және баптау жө­нінен басқа елдерге деген тәуелділікті азай­тады. Сонымен бірге білікті отандық ма­мандарды даярлауға және жаңа жұ­мыс орындарын ашуға да мүмкіндік бе­ре­ді, – дейді «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов.

Қазақстандағы осы ұшу аппараттарын ықтимал пайдаланушылар арасында жүргізілген сұрау (Қорғаныс ми­нистрлігі,Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және мұнай-газ саласының компаниялары, т.б.) отандық өндіріс пен жергілікті тех­никалық қызмет көрсету болғанда ғана аталған өнімге деген сұраныстың артатынын көрсетті.

Сонымен қатар халықаралық талдау да ұшу аппараттар нарығының жыл са­йын ұдайы кеңейіп келе жатқанын бай­қатып отыр.

Қ.Бишімовтің айтуынша, бұл кәсіп­орын Қазақстанда ұшу аппараттарын шы­ғару, техникалық қызмет көрсету және жетілдіру жөніндегі ірі орталыққа ай­­налуы керек. Болашақта отандық өнім­­ді экспортқа шығару да жоспарда бар.

Осы жылдың соңына дейін ұш­қыш­­­сыз басқарылатын ұшу аппарат­тар­ын шығаруға арналған құрал-жаб­дық­тардың алғашқы партиясы келіп жетпекші.