• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Тамыз, 2019

250 бала полиция бөлімшесіне әкелінді

352 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмаған 228 жас бала ата-анасының немесе заңды өкілінің қадағалауынсыз беймезгіл уақытта далада жүріп, полиция қызметкерлерінің назарына түскен.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жаз кезін­де жасөспірімдерге қатысты түр­лі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Каникул» атты жедел алдын алу шарасын ұйым­дастырды. Бұл ретте, әсіресе по­ли­ция­ның арнайы есебінде тұр­ған, шырқы жиі бұзылатын шаңы­рақтар ерекше бақылауда болды.

Полиция қызметкерлері прокуратура, білім мекемелері, Nur Otan партиясының об­лыс­­­тық филиалы және жас­тар ұйым­­­дарының қатысуымен бір апта бойы рейдтік шаралар ұйым­­­­да­с­т­ырып, 246 әкімшілік құқық ­­бұзушылықты анықтаған.

– Рейд кезінде ең жиі кез­дескен құқық бұзушылық – кәме­лет­­ке толмаған балалардың сағат 23.00 мен 6.00 аралығында ата-ана­сының қадағалауынсыз үйі­­нен тысқары жүруі болды. Осын­­дай 228 оқиға тіркеуге алын­ды. Сондай-ақ 9 ата-анасы неме­се заңды өкілі өзінің бала тәр­биесіне қатысты міндетін орын­дама­ғаны үшін жауапқа тартылса, 21 жасқа толмаған жандарға алкогольдік ішімдік сатқан 4 оқиға анықталды, – дейді БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Әлия Наурызғалиева.

Профилактикалық шаралар кезінде кәмелетке толмаған 250 бала полиция бөлімшесіне әкелінген. Оның ішінде қылмыс­тық жауапкершілік туралы 2 хат­тама толтырылса, 237 мәрте әкім­шілік құқық бұзушылық тір­кел­ген. 11 баланың қаңғы­басты­ғы анықталса, 2 бала кәме­лет­ке толмағандарға арнал­ған бе­йім­деу орталығына жіберіл­ген. 13 отбасы арнайы тіркеуге қойылған.

«Кәмелетке толмаған ба­лаларды қадағалаусыз қалды­ру­­дың соңы кейде орны толмас өкінішке ұрындырып жатады. Сондықтан мұқият болыңыз­дар» деп ескертеді полиция қызмет­керлері. Осы жаз мезгілінде ғана Батыс Қазақстан облысында 7 бала суға кетіп, көз жұмды.

 

Батыс Қазақстан облысы