Жаңа тестілеу залын ашудағы басты мақсат мемлекеттік және құқық қорғау қызметінен өз орнын тапқысы келетіндерге ыңғайлы жағдай жасау болып табылады. Тестілеу залынің материалдық-техникалық базасы үздік құралдар мен жабдықтардан тұрады. Бұл – Қостанай облысындағы екінші тестілеу залы, біріншісі облыс орталығында орналасқан.
«Арқалық қаласында мемлекеттік қызметшілердің тестілеу залының ашылуы кездейсоқ емес. Осындай маңызды қадамға барар алдында департамент мамандары өңірлердің облыс орталығынан алшақтығын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен өңірлердегі бос орындар санын зерделеді. Қолжетімділік, кандидаттар үшін қолайлы жағдай жасау және көліктік шығындарды азайту – залды ашудағы басты міндетіміз болды», дейді мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Салауат Мүксімов.
Енді Амангелді, Жангелді, Наурзым аудандарының, сондай-ақ Арқалық қаласының өз өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін тұрғындарына барынша ыңғайлы болады. Бұл өңірлердің тұрғындарына мемлекеттік қызметке тестілеу тапсыру үшін Қостанайға ат сабылтудың қажеті жоқ. Олар өзінің тұрғылықты жеріне жақын Арқалық қаласына барып, тесттерді тапсыра алады. Бұл енді мемлекеттік қызметке үміткерлер өз уақыты мен қаражатын үнемдейді деген сөз.
Сонымен қатар бұл тестілеу залы Ақмола облысының көрші Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандарының, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданының тұрғындары үшін де ыңғайлы болады.
Қостанай