• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2019

Қызылорда облысында биыл 29 адам суға кеткен

299 рет
көрсетілді

Суға түсу маусымы басталғаннан бері сақтық шараларын сақтамай, қайғылы жағдайға ұшырап жатқандар аз емес. Облыстағы су айдындарында, әсіресе Сырдария өзенінде азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайға ұшырауы, оның ішінде суға шомылу маусымында судағы адам қазасы өзекті мәселеге айналды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Өткен жылы облыс бойынша суда 22 адам қаза тапқан. Оның 8-і балалар. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев және Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов журналистермен өткен брифингте айтылды.

- Биылғы 2019 жылдың басынан 5 тамызға дейін облыс аумағындағы су айдындарында 29 адам қаза болған. Оның 12-і бала. Қызылорда облысының аумағындағы су айдындарында қауіпті учаскелердің саны 64, сол жерлерде 163 ескерту тақтайшалары орнатылған және судағы қауіпсіздік бойынша 60 билборд орнатылды,-дейді Сайд Молдақараев.

Аталған деректерде анықталғандай, 12 адам балық аулау кезінде, 20 адам суға түсуге арналмаған жерде батып, 4 адам абайсыз жағдайда, 2 адам белгісіз жағдайда суда қаза болған.

 

Қызылорда облысы