• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Тамыз, 2019

Парламент Сенатының депутаты Шымкентте «Сақ» киностудиясының жұмысымен танысты

397 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы «Сақ» киностудиясының жұмысымен танысты.

Киностудия директоры Нуриддин Паттеев пен режиссер Батырхан Дәуренбеков депутатпен шығармашылық ой пікірлерімен, жаңа жобаларымен бөлісті.

Айгүл Қапбарова биыл қабылданған «Кинематография туралы» заң киноөндірісті қолдауға, ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халық үшін кино көру қызметінің қолжетімділігі мен отандық кино беделінің өсуі мен танылуы үшін заңнамалық негіз жасалғаны жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ кино және анимация саласын мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері сөз болды.

Айта кетейік, «САҚ» киностудиясы «Томпақ», «Қалқанқұлақ» сериалдарымен, «Қазақ елі», «Теке мен Қошқар» анимациялық фильмдерімен танымал. Бүгінге дейін киностудия 60-тан астам анимациялық және 6 толықметражды фильм түсірген. Бұдан бөлек, аталған киностудия биыл «Төле би» 10 сериалы кинохикаясын, «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы», «Ордабасы - бірліктің туы» атты анимациялық фильмдер түсіріп, ел назарына ұсынды. Ол туындылар көрермен тарапынан жоғары бағаланған болатын.

Шымкент