• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2019

«Мектепке жол» акциясы балаларға бақыт сыйлайды

653 рет
көрсетілді

«Мектепке жол» акциясына қолдау білдіріп жатқан азаматтардың қатары жыл сайын артып келеді. Өткен жылы аймақта 21617 балаға 200 185 600 теңге көлемінде көмек көрсетілген. Оның ішінде 59 584 700 теңге демеушілер есебінен берілген. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова мәлімдеді.

- «Мектепке жол» акциясы барша азаматтарды біріктіруде. Қазіргі таңда акция аясында 430 балаға көмек көрсетілді. Сонымен бірге, 200 балаға «ҚазГерМұнай» АҚ компаниясы балалардың қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етпек. Мұнан бөлек, облыстық білім басқармасы және «Жомарт» қоғамдық бірлестігі меморандумға отырды. Осы арқылы Каспий және Халық банкі Білім басқармасының ұйымдастыру штабына 40 балаға, «Нұр Отан» партиясы 70 балаға көмек көрсетті, дейді Ш.Жүнісова.

Білім басқармасының bilim.e-kyzylorda.gov.kz сайтына аз қамтамасыз етілген азаматтардың өтінімі мен тізімі орналастырылған. Акция аясында көмек бергісі келетін демеуші азаматтар сайтта орналасқан көмекке мұқтаж отбасыларды қарау, тандау арқылы көмек көрсете алады.

 

Қызылорда облысы