• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2013

Тарихи жағдайдағы жаңа саяси бағыт

477 рет
көрсетілді

Тарихи жағдайдағы жаңа саяси бағыт

Сейсенбі, 19 ақпан 2013 7:25

Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы,  «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі С.ӘЙІМБЕТОВПЕН әңгіме

– Сейітсұлтан Сүлеймен­ұлы, әуелі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының тарихи мәні, елдік маңызы туралы айтып өтсеңіз.

Сейсенбі, 19 ақпан 2013 7:25

Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы,  «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі С.ӘЙІМБЕТОВПЕН әңгіме

– Сейітсұлтан Сүлеймен­ұлы, әуелі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының тарихи мәні, елдік маңызы туралы айтып өтсеңіз.

– Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты Жолдауы – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, ұзақ межені белгілейтін тарихи маңызды құжат.Елбасы өзінің жыл сайын­ғы Қазақстан халқына Жол­дауында аймақ дамуына көп көңіл бөледі және де бұл жол­ғы Жолдауда мем­лекеттік ор­гандардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын үйлестіру қа­жет­тігі атап көрсетілген. Бас­ты міндеттің бірі – мем­лекеттік және барлық са­лалық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді да­мы­тудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үй­лес­тіру. Сонымен қатар, Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі қа­ғидаларын айта келе, ал­ға қойылып отырған мін­дет­терді толыққанды және жан-жақты түсіндіріп қана қоймай, оларды сапалы шешудің жолдарын да бел­гілеп берді.Сондай-ақ Елбасы: «Біз әкімшіл-әміршіл жүйенің басқару дәстүрлерінен тү­бегейлі бас тартып, басқару­шы­лардың заманауи әрі тиімді корпусын құруға тиіс­піз. Кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың барлық азаматтар тең құқықтар мен мүм­кіндіктерге ие болатын, біз жасаған жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Біз мемлекеттік бас­қаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны­ халыққа мемлекеттік қыз­мет­терді көрсету сапасын арт­тыруға қайта бағдарладық», деп атап өтті.Қазіргі таңда «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» заң жобасы Мәжілістің қарауына алынып, ол бойынша жан-жақты және қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Заң жобасын қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін заңнамалық реттеудің, мем­лекеттік қызмет көрсету тәр­тібіне бір типті талаптарды қамтамасыз етудің, мем­лекеттік қызмет көрсету сала­сындағы мемлекеттік орган­дар өкілеттіктерінің ара-жі­гін нақты ажыратудың, мем­лекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету үдерісін жетілдірудің қажеттілігіне негізделген.Атап айтқанда, заң жобасы шеңберінде мемлекеттік қыз­мет көрсету саласындағы бірқатар концептуалды мәселе­лер­ді шешу жоспарлануда. Осылайша, бірінші кезекте мемлекеттік қызмет көрсетудің тізілімін кеңейтуді көздейтін жаңа ұғым заңнамалық тұрғыда айқындалады. Сондай-ақ, мем­лекеттік қызмет көрсету тұтынушылардың құқықтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне), мем­лекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне мемлекеттік қыз­мет­терді тұтынушылардың сотқа дейінгі шағымдану құқы­ғы заңнамалық тұрғыда регламенттелетін болады.Мемлекеттік қызмет көр­се­ту тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған Қа­зақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалау жағдайында мемле­кет­тік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібін айқындаудың заңнамалық маңызы зор еке­ні де анық. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тікелей қатысатын тұлғалардың әрекеті (әрекет­сіз­дігі), заңнамада белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша нормаларды қарастыру ұсынылады.Елбасы Жолдауының негізгі мақсаты – қазақстандықтардың жасампаз күш-қуатын қоғамы­мыз­дың қол жеткізген не­гіз­гі жетістіктерін саяси тұрақ­ты­лықты, халықтың бірлігін сақтай отырып, гүлденген қоғам құруға арналған стратегиялық бағыттың төңірегінде идео­ло­гиялық жағынан топтас­тыру арқылы дамудың жаңа міндеттеріне бағыттау. Ал Қа­зақстан дамуының сая­си бағытында қарапайым қа­зақстандық бұрынғыдай не­гізгі орын алады. Жолдаудың барлық мақсаттары мен міндеттері, түптеп келгенде, барлық азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін жағдай жасау болып табылады. Осы ретте Елбасы отандастарымызды жалпыұлттық стратегияны іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырады.Президенттің осы Жолдауы – іргелі тарихи құжат, ол ел тарихының жаңа дәуіріне жол ашып отыр. Бұл жаңа іс-қимыл бағдарламасының өз болашағымызға және балаларымыздың болашағына нық сеніммен қарауымызға мүмкіндік беретіні қазірдің өзінде анық байқалуда.– Елбасы экономикалық әлеуетімізді арттыруға мүм­кіндігіміз мол екенін айтты. Сіз қандай ой қосар едіңіз?– 2050 жылға қарай мық­ты мемлекеттің, дамыған эко­номиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру үшін экономикалық жедел өсу жағдайын қамтама­сыз ету және күнкөріс саяса­ты­мен емес, жоспарлау саяса­ты­мен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысу аса маңызды. Қазақ­станның 2012 жылы әлемдік экономикалардың жыл сайын­ғы бәсекеге қабілеттілік рей­тингінде 72-ші орыннан 51-ші орынға серпінді секірісі 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен «Қазақстан-2030» Стратегиясы қабылданған кезде таңдап алын­ған бағыттың дұрыс екенінің қисынды айғағы болды.Қазақстан – Орталық Азияда 14 мың километрге созылған мемлекеттік шекарасын заң жүзінде ресімдеген бірден-бір мемлекет. Соңғы 15 жылда ел экономикасы 16 есе өсті. Жан басына шаққанда ІЖӨ көлемі 12 мың АҚШ долларына жетті. Инновациялық база негізінде табысты іске асырылып жатқан үдемелі индустрияландыру экономиканың болашақтағы өсіміне ғана емес, ең бастысы, қазақстандықтардың әл-ауқатын сапалық тұрғыдан арттыруға да елеулі негіз қалайды. Соңғы екі жылдың өзінде Қазақстанда 12 миллиард теңге сомасында 400-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 44 мыңдай жұмыс орны ашылды.– Жаңа бесінші сайланым депутаттары өз қызметіне кіріскелі тура бір жыл уақыт өтті. Мәжілістің жаңа құрамы заң шығару қызметіне бірден кірісіп кетті. Көппартиялы Парламенттің алғашқы айларында қандай ерекшеліктер байқалды?– Өздеріңіз білетіндей, 2007 жылы Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен то­лықтыруларға сәйкес Пар­ламент Мәжілісі 107 депутаттан тұрады. Олардың 98-і саяси партиялардан біртұтас жалпы ұлттық округ бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланса, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады.Бесінші шақырылымда Парламент Мәжілісін «Нұр Отан» партиясынан – 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-дан 7 депутат құрады және Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат жұмыс істейді.Көппартиялы Парламенттің ерекшеліктеріне тоқталсақ, қазіргі демократиялық қоғам­дағы партияның маңызды мін­деті азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету болып табы­лады. Партиялар арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар және сайлаушылар өздерінің сая­си, әлеуметтік талаптарын мәлімдейді. Әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жаңа өзгерістер енгізу керектігі жөнінде өздерінің көз­қарастарын білдіреді. Міне, әр партия Парламент қабыр­ғасында осы бағытта жұмыстар атқарады.Палатаның бесінші шақы­рылымының депутаттары білімі бойынша инженерлер, педагогтар, заңгерлер, экономистер, ауыл шаруашылығы және т.б. сала мамандарынан құралған. Яғни, Парламентке өмірден түйгендері мол, халықпен тығыз жұмыс істей білетін білімді азаматтар келді деп айтуыма болады. 2007 жылы Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер партиялық жүйе дамуының жаңа кезеңін қалыптастырды, осыған сәйкес мемлекеттегі сая­си партиялардың рөлдері мен мәртебелері артуда.Тәуелсіздігін алғалы бері жас мемлекетіміз саяси партиялар қызметіне ерекше мән беруде. Демократиялық қоғам қалыптасуының мін­детті сегменті ретінде көп­пар­тиялық дамытылды. Соны­мен қатар, мемлекетіміз қо­ғамдық келісімге және этнос­аралық татулыққа жат пи­ғылдағылардың бірден жолын кесіп, саяси тұрақтылық саясаты шеңберінде қызмет ететін партиялар ғана ресми танылды. Қазақстанда ұлтшылдық, сепаратистік, экстремистік саяси бағыттағы ұйымдар өз қызметтерін бастай да алмады.Ата Заңымыздың елдегі сая­си реформаларға ғана емес, саяси партияларға да заңдық кеңістікте қызмет етуіне жағдай туғызып отырғандығына қазір барлығымыз куәміз. Сондай-ақ, конституциялық ережелер саяси партиялардың қазақстандық ішкі саяси ахуалға байланысты құрылуын және дамуын қысқа мерзім ішінде қамтамасыз етті. Жас мемлекеттің жаңа саяси партиялары жүйелі өмірге келіп, міне, қазіргі таңда заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы – Парламент қабырғасында елдің экономикасына, саясатына және әлеуметтік қатынастарына ық­пал жасай бастағанына бар­лығымыз куә болып отырмыз. Ірі саяси партиялар билік үшін ғана күресіп қоймай, елдегі саяси тұрақтылықтың және этносаралық келісімнің берік бола түсуіне де қызмет етуде.– Жаңа өзіңіз айтқандай, Мәжілістің құрамы үш пар­тияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкіл­дерінен тұрады. Ал өзі­ңіз басшылық жасайтын Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құ­рамы қандай? «Нұр Отаннан» өзге партиялардың өкілдері бар ма?– Әрине, бар. Комитетте өзімді қоса есептегенде 14 депутат болса, үшеуі «Ақ жол» партиясынан, біреуі ҚКХП-дан және бір депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан, ал қалған 10-ы «Нұр Отан» ХДП-дан. Бірақ бөлінбейміз, барлығымыздың да мақсатымыз – халық үшін қызмет жасау.– Сіз жетекшілік ететін комитет арқылы қандай заң жобалары талқылаудан өтті? Соның ішінде ең маңыз­дылары қайсы?– Президент Нұрсұлтан На­зарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдар­ла­малық мақаласында Парла­мент­ке таяудағы сессиялар кезінде неғұрлым қажет еті­летін заңдық актілерді қара­ған жөн болады деген. Мұн­да жаңа заңдардың тиісті мәселелерді кешенді шешуін, олардың тікелей әрекет етуін, қазақстандықтардың күткен үміттеріне сәйкес келуін, ха­лықтың өмірін қолайлы да ыңғайлы етуін, бәріне түсінікті де қолжетімді болуын ереже есебінде басшылыққа алу керектігін атап көрсеткен.Парламент Мәжілісі бесінші шақырылымының депутаттары өз жұмысын 2012 жылдың қаңтар айынан бастады. Осы мерзім ішінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қарауына 15 заң жобасы алынды, оның 12-сін Қазақстан Республикасының Үкіметі әзір­леген болса, үшеуіне Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық жасаған. Қазіргі уақытта комитетте 4 заң жобасы қаралуда.Жалпы, заңдардың бі­реуі маңызды, ал екіншісі ма­ңыз­сыз деп бөлуге болмайды. Себебі, бәрінің де қоғамымыз үшін өзіндік алар орны, атқаратын қызметі бар. Сондықтан қабылданып жатқан заңдардың барлығы азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайларын жақсартуды, бизнес ортасында белсенділікті ынталандыруды көздейді, осы мақсатта барлық шаралар жасалуда. Басты мақсат – бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және нақты ашық рәсімдерді құру, адал кәсіпкерлердің қауіпсіздігін кепілдендіру, бәсекеге қабілетті өндірістердің өсуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуын, икемі бар жаңа бизнес бастамаларын ынталандыру, сондай-ақ, істеп тұрған өндірістерді қолдау.– Мәжілісте қоғамдағы көкейкесті мәселелер бойынша Үкімет сағаттары өтіп тұрады. Оны өткізу міндеті сала бойынша әр комитетке жүктелетіні белгілі. Өзіңіз басқарып отырған комитеттің атсалысуы арқылы өткен Үкімет сағаттарында қандай мәселелер көтерілді? Соның негізінде Үкіметке қандай ұсыныстар жолданды?– Жалпы, бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары өз жұмыстарына кіріскелі бері 16 Үкімет сағаты өтті. Оның жетеуіне біздің комитет жауапты болды. Үкімет сағатында министрлер мен агенттік төрағаларының баяндамалары тыңдалды. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің ұсыныстары жолданды. Мы­салы, 2012 жылдың 15 қа­занында депутаттар алдында Бәсекелестікті қорғау агент­тігінің төрағасы «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі қызметінің негізгі бағыттары» деген тақырыпта баяндама жасады.Баяндамашы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің 2012 жылы атқарған жұмысы туралы баяндады. Үкімет саға­ты­ның қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары­мен Үкіметке ұсыныс жолданып, онда жылумен жабдық­тау­дың, ұялы байланыс опера­тор­ларының желіаралық қосы­лыстарының қызметтеріне, сон­дай-ақ Интернет қызметтеріне тарифтерді азайту мақсатында республиканың жылу-энергетика, ақпараттық-коммуникация салаларын бәсекелес нарыққа одан әрі беру туралы, өңірлердің азық-түлік, ауыл шаруашылығы тауарларымен қамтамасыз етілуіне және бәсекеге қабілет­ті болуына жағдай жасау, Қазақстан бизнесінің Ресей және Беларусь нарықтарына кіруіне қойылатын әкімшілік кедергілерді жою бойынша одан әрі шаралар қабылдау және адал бәсекелестікке деген бір­дей көзқарастарды, бірыңғай қа­ғидаттар мен қағидаларды (стандарттардың, тауарларды­ таңбалаудың сақталуы, вете­ринарлық-санитарлық ша­ралардың қолданылуы, тауар­лардың транзиті жөніндегі және басқа да талаптар) қамтамасыз ету жөнінде және осы сияқты халықтың әлеуметтік жағдайын дұрыстау бағытында мәселелер қойылды.– Сайлаушылармен бай­ланысыңыз қандай деңгейде? Өңірлерге шыққанда ауыл­дық­тардың жай-күйімен жан-жақты таныса алдыңыз ба?– Сайлаушылармен байланысым жақсы. Себебі, мен тек жұмыс барысында ғана емес, еңбек демалысымда да уақыт тауып қала және ауыл тұрғындарымен кездесіп, әңгімелесіп тұрамын. Өңірлерге шыққан кезімде, әрине, ауыл тұрғындарының жай-күйімен танысамын. Өйткені, бұл менің жұмыс бағытымның бірінші мақсаты болып табылады. Әрқайсысымен жеке-дара сұхбаттасып, проблемаларын тыңдап, оларды барынша сол жергілікті жерде шешуге тырысамын.Қазақстан Республикасы­ның Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қа­зақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі Парламент Мәжілісінің іс-шара жоспарына сәйкес қаңтар айының ортасында Павлодар облысының тұрғындарымен кездесіп, Жолдау бойынша халық арасында үгіт-насихат және кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келдім.

Әңгімелескен Самат МҰСА,«Егемен Қазақстан».