Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операцияны Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) арнайы мақсаттағы күштері жүргізеді. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.
«Операция барысында арнайы жасақ жауынгерлері қару қолданған жоқ. Олар тек резеңке оқпен жабдықталған. Қазіргі уақытта ұстау операциясы жалғасуда», делінген Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.