• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Тамыз, 2019

Электрондық оқулықтарды QR-код арқылы жүктеуге болады - Асхат Аймағамбетов

702 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов электронды оқулықтардың енгізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп оқулықтары EPUB электрондық форматында қол жетімді болады. Бұл оқушыларға кез-келген электронды құрылғыларда ашуға мүмкіндік береді.

«Біз қазір республика бойынша 1-ден 10-қа дейінгі оқушыларға арналған барлық оқулықтардың электронды нұсқаларын енгізудеміз. Олар министрліктің сайтында орналастырылады. Оларды QR-код арқылы жүктеуге болады», деді министр.

Бұған дейін, ҚР БҒМ 1 қыркүйектен бастап EPUB форматындағы 1-10 сыныптарға арналған оқулықтардың электронды нұсқалары министрліктің сайтында орналастырылатыны туралы хабарланған болатын. Бұл оқушыларға электронды құрылғылар арқылы оқулықтарды қолдануға және сөмкесінің салмағын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген нормаларға сәйкес, 1-3 сынып оқушыларының мектеп сөмкесінің салмағы екі келіден аспауы керек. 4-6 сынып оқушыларының рюкзактарының салмағы екі жарым келіден аспауы тиіс. 8-ден 11-ге дейін, белгіленген норма бес келіден сәл аз.