Алматы қаласының ТЖД басшысы Серік Әубәкіров Көктөбеден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.
«Көктөбеде шыққан өртті сөндіріп жатырмыз. Жел мен өрт шыққан жердің биікте және жолдардан алыс болуы жағдайды қиындатып отыр. 30 адам мен 6 техника жалынды ауыздықтауға жұмылдырылған», - деді Серік Әубәкіров facebook парақшасында.
Өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады.