Волейболдан Мьянмада өткен 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан бесінші орын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.
Бесінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Қытайды жеңді. Азия чемпионатында Қытайлық Тайпей өкілдері чемпион атанды. Күміс жүлдені Үндістан, қоланы Жапония командасы иеленген.