• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Президент 12 Тамыз, 2019

«Президент 2.0» деректі фильмі желіде жарияланды

230 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының негізіндегі «Президент 2.0» деректі фильмі желіде жарияланды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«21-шілдеде «31 арнадан» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының негізінде «Президент 2.0» деректі фильмі көрсетілген еді. Әңгіме барысында Қазақстан Президенті өзінің өмірбаянына, дипломатиялық қызметіне және жеке ұстанымдарына қатысты сұрақтарға ашық жауап берген болатын. «31 канал» осы сұхбатты өздерінің YouTube арнасына орналастырған екен. Көрмей қалғандар болса, Ютуб арнасынан көрулеріне болады», деп жазды ол Facebook парақшасында.