• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2019

Қостанайда 434 тұрмыстық зорлық-зомбылық анықталды

170 рет
көрсетілді

Облыс аумағында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында 1142 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Рейд барысында полицейлер әкімшілік қадағалаудағы азаматтарды тексереді. Әсіресе, әртүрлі шектеулері бар адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға баруға тыйым салынатын адамдарға, тәуліктің белгілі бір уақытында тұрғын үй-жайдан тыс жерде болуға, сот белгілеген аумақтан тыс жерлерге шығуға тыйым салынатын азаматтарды қадағалады. Тексеру кезінде  полиция қызметкерлері барлығы 434 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтады, 13 әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді, құқық бұзушылыққа бейім 4457 адаммен профилактикалық әңгіме жүргізді.

 Берекесіз 63 отбасы анықталып, профилактикалық есепке алынды. 34 адамға қатысты спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдалануға тыйым салынды.

Қостанай