«Тұрмыс» республикалық акциясы кезінде 5 күннің ішінде ғана 120-дан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері тіркелді.
Арнайы ұйымдастырылған рейдке үшжүзден астам тәртіп сақшылары жұмылдырылып, тұрмысы төмен көптеген отбасыларды аралаған. Жай-күйімен танысқан. Отбасы мүшелеріне заң талаптары түсіндіріліп, бірқатар нақты кеңестер берілген.
«Полиция қызметкерлері отбасылық тұрмыстық-құқық бұзушылықтардың алдын алу мақстымен буклеттер әзірледі. Сондай-ақ нәзікжандыларға сенім телефондары берілді. Акция басталғалы өңірде 124 тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы әшкереленсе, оның 17-сі “сенім телефоны” арқылы хабарланды», дейді Петропавл қалалық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы Жұлдыз Бағыт.
Қазір арнайы есепте 290 адам тұр. Олардың 78-і маскүнем болса, 27-сі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан.
Солтүстік Қазақстан облысы