• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2019

14-15 тамызда бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

436 рет
көрсетілді

14-15 тамыз күндеріАқмола, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарында найзағай және бұршақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. 

14-15 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 15 тамызда екпіні 25 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 14-15 тамызда найзағай күтіледі. Күндіз 15 тамызда бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %

Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Маңғыстау облысынының кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 15 тамызда екпіні 25 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында таңертен және күндіз 14 тамызда, 15 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.