Жұма, 17 мамыр 2013 2:00
Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Доминика Достастығының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері деңгейінде Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Жұма, 17 мамыр 2013 2:00
Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Доминика Достастығының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері деңгейінде Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Қазақстан тарапынан құжатқа біздің еліміздің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімова қол қойса, Доминика тарапынан осы елдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Винс Хендерсон қол қойды.
Кездесу барысында Доминика елшісі өз елі Қазақстанның сыртқы саяси жетістіктерін әрдайым назарда ұстап отыратындығын және Қазақстанның халықаралық бастамаларын қашанда қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар, ол VI Астана экономикалық форумына және Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияға өзінің қатысатынын растады. Шетелдік дипломат атап өткендей, Кариб аймағы елдері Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде энергетика, экономика, сауда және туризм салаларындағы өзара ықпалдастықты дамытуға ынталы.
Сондай-ақ, Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Сент-Китс және Невистің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері деңгейінде Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
Қазақстан тарапынан құжатқа біздің еліміздің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімова, ал Сент Китс және Невис тарапынан осы елдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Делано Франк Барт қол қойды.
Кездесу барысында Сент-Китс және Невис елшісі өз елінің Қазақстанның халықаралық бастамаларына қашанда қолдау білдіріп келе жатқанын жеткізді. Шетелдік дипломат атап өткендей, оның елі Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде энергетика, экономика, сауда және туризм салаларындағы өзара ықпалдастықты дамытуға мүдделі.