• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
16 Тамыз, 2019

Ақтоғайда сульфидті кен байыту фабрикасы салынып жатыр

541 рет
көрсетілді

Ал екінші байыту фабрикасында мыс өндіруді 2021 жылы бастау жоспарланған.

Ақтоғайда сульфидті кен байыту фабрикасы салынып жатыр

 

KAZ Minerals Тобы 2019 жылдың бірінші жартысындағы өндірістік іс-қызметінің қорытындыларын және қаржылық нәтижелерін жариялады.

Компанияның корпоративтік байланыстар департаментінің хабарлауынша, сатылымнан түскен табыс алты айдың ішінде $1,052 млрд (2018 жылдың бірінші жартысы: $1,098 млрд) құраған. 2019 жылдың алғашқы алты айында KAZ Minerals Тобы Ақтоғай сульфидті кен байыту фабрикасында (БФ) өндірісті өсіру және Бозшакөл мен Ақтоғайдағы сульфидті кендерді өңдейтін фабрикалардың жоғары өткізу қабілетінің арқасында 147,6 мың тонна мыс өндіріпті. Бұл 2018 жылдың бірінші жартыжылдығымен (139,6 мың тонна) салыстырғанда 6%-ға артық.

Топ Ақтоғай II жобасын табысты іске асыруды жалғастыруда: мұнда сульфидті кенді өңдеу бойынша қуаттылықты екі еселейтін екінші кен байыту фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Бірінші тоқсанда диірмен және флотациялық жабдықтарға арналған іргетас қаланды, қазіргі уақытта металл құрылымдарын монтаждау айтарлықтай дәрежеде аяқталды. КБК-не ірі тау-кен техникасы жеткізіліп, іске қосылды, оның ішінде Caterpillar 793 карьерлік жүк көліктері мен Caterpillar 994 жүк тиегіштері бар. Олардың көмегімен екінші БФ ескере отырып, көбірек кен өндіру жоспарланып отыр. Тау-кен техникасын одан әрі жеткізу 2019 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Ал екінші байыту фабрикасында мыс өндіруді 2021 жылы бастау жоспарланған. 2019 жылы Ақтоғай II жобасының күрделі шығындары $500 млн ($400 млн орнына) болады деп межеленген. Сондай-ақ, 2020 жылы $400 млн, ал 2021 жылы $100 млн болады деп күтілуде. «KAZ Minerals-тың 2019 жылдың бірінші жартысында EBITDA көрсеткіші $620 млн-ға жетті, өндіріс ұлғайып, салада көш бастап келе жатқан төмен шығынды компания позициясын сақтап қалды. Топтың таяу және ұзақ мерзімді өркендеу жобалары – Ақтоғай II және Баимская. Ақтоғайда бастапқы үгіту қондырғысы мен сульфидті кен байыту фабрикасы салынып, тау-кен техникасының паркі кеңейтілуде. Ал Баимская жобасында 2019 жылдың екінші жартысында алғашқы жұмыстар басталады» дейді KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам.

Шығыс Қазақстан облысы