• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Тамыз, 2019

Елордада педагогтардың Тамыз конференциясы басталды

583 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жаңа оқу жылының қарсаңындағы дәстүрлі Тамыз конференциясы басталды.

2019-2020 оқу жылының қарсаңында білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысып жатыр. Жиынға еліміздің барлық өңірлерінен екі мыңнан астам ұстаз жиналды.

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар көтеріледі.

Сондай-ақ конференция шеңберінде білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар бойынша тақырыптық алаң ұйымдастырылып, педагогтарды марапаттау рәсімі өтеді.