• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2019

Ақмолалық диқандар бітік егінді шығынсыз жинап алуға ұмтылуда

271 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылы облыс диқандары 4 миллион 8 мың гектар алқапқа дән сіңірген болатын. Көктем салқын  болғанымен, жаз ортасы ауа жауын-шашын мол болды. көптен бері бола қоймаған ыстық та астықтың пісіп жетуіне ықпал етті.

Осының нәтижесінде облыстағы астық шығымы көз қуантарлық. Ендігісі жерде өскен дәнді жерде қалдырмай, уақытында жинап алу. Диқандар қазір Арқа төсіндегі алапат астық жорығына қапысыз қамдануда. Солардың бірі – Қорғалжын ауданындағы «Агрофирма жер-888» серіктестігі.  

Әне бір жылдары Қарашалғын ауылдық округінің аумағынан жер алып, егін себумен айналысқан маман агроном Абай Медеубаевтың қиындыққа душар болған кезі де болған. Материалдық-техникалық жағдайы мәз емес еді. Бар болғаны әбден қаусаған екі-үш ескі комбайн, әр жерде шашылып жатқан себу агрегаттары. Көптен егін егілмеген алқаптарды да арамшөп басып, әбден тозып кеткен. Әйтсе де, қажырлы еңбектерінің арқасында қиындық атаулының бәрін жеңді. жетістікке жетуге мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілді. 

–Мемлекет жермен жұмыс істейтін адамдарға барлық жақсылықты жасады. Жаңа техника, қажетті минералды тыңайтқыштар сатып алуға субсидия беріп жатыр,–дейді  «Агрофирма жер-888» серіктестігінің директоры Абай Медеубаев 

Қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Көрсең, көңіл қуантарлықтай. Өнімділігі жоғары шетелдік жаңа техникалар дала қосынының жанында қаз-қатар сап түзеп тұр. Серіктестік бұрынғыдай емес, жиналған астықты өздері сұрыптап, кептіріп, сақтай алады. Жаңадан салынып жатқан астық қоймасына 5 мың тоннаға жуық дән сияды.

Бұл шаруашылық үстіміздегі жылы 10 мың гектардан астам алқапқа бидай сепкен. Жаңа астықтың әр айналымынан 11 центнерден өнім аламыз деп межелеп отыр.